• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Желтоқсан, 2020

Қазақстанның орман қоры 5 жыл ішінде 2 млрд ағашпен толығады

872 рет
көрсетілді

Мемлекет Басшысының қыркүйек айындағы Жолдауында елді ауқымды көлемде көгалдандыру мақсатында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 5 жыл ішінде - 2021-2025 жылдар аралығында орман алқабында 2 млрд ағаш отырғызуға қатысты шаралар қабылдап жатыр.

Аталған бағыттағы жұмыстарды министр Мағзұм Мырзағалиев бүгін Үкімет отырысында баяндады. Оның сөзінше, Министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп өңірлер бойынша ағаш отырғызу көлемін анықтаған.«Елдің орман алқабын ұлғайтуда тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін кешенді шаралар қабылданып, әкімдіктермен,мемлекеттік органдармен жұмыс алгоритмі жасалды. Мәселен, әкімдіктердің табиғат қорғау және орман қорғау мекемелерінің күшімен 464 мың гектар аумақта 1,1 млрд ағаш отырғызылатын болады. Көбі Түркістан , Қызылорда және Жамбыл облыстарында жоспарланып отыр. Бұл ретте аталған мөлшердің негізгі үлесі сексеуіл егу арқылы жүзеге асырылады. Оның ішінде Арал теңізінің құрғап қалған бөлігінде де осы жұмыстар атқарылады»,- деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев.Республиканың орталық өңірлерінде негізінен қарағай, шырша, қайың сияқты негізгі орман құраушы тұқымдарға жататын ағаштар отырғызылмақ. Бұдан бөлек, ұлттық парктер мен резерваттар аумағында 62,5 мың гектар алқапта шамамен 200 млн. ағаш отырғызылады. Ал компенсация мен халықаралық гранттар есебінен 182 гектар алқапқа 700 млн ағаш отырғызу жоспарлануда.«Кешенді шаралар 2030 жылға қарай ормандылық аумағын 5%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді»,- деп айтты министр.Министр заңсыз ағаш кесуге қатысты заңнаманы күшейту бағытындағы жұмыстарға да тоқталды.«Соңғы кездері елді мекендерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою және зақымдау фактілері орын алғаны белгілі. Осыған байланысты Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тәртіп бұзушылықтар үшін жазаны күшейтуге бағытталған бірқатар шараларды пысықтады»,- деді М.Мырзағалиев өз баяндамасында.Мысалы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мен қорғаудың үлгілік қағидаларына толықтыру енгізген. Оған сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ағаштарды заңсыз кесу, жою, зақымдау кезінде ОТЫЗ ЕСЕ мөлшерде компенсациялық ағаш отырғызу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі нысандардың іргелес аумағындағы жасыл желекті екпелерді жойғаны үшін ОН ЕСЕ мөлшерде ағаш отырғызу көзделетін болады. Бұрын бұл нормалар осы Қағидаларда болмаған.«Орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкаларға өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.Үкімет қаулысының тиісті жобасы осы аптада қабылданды. Оған сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшерін 6 айлық есептік көрсеткіштен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды»,- деді министр. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге де өзгерістер енгізілуде.«Құқық бұзушылықтардың қайталануына байланысты айыппұлдарды жеке тұлғаға 10 айлық есептік көрсеткіштен 150 айлық есептік көрсеткішке дейін, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК-тен 450 айлық есептік көрсеткішке дейін, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК-тен 1500 айлық есептік көрсеткішке дейін артады»,- деп айтты М. Мырзағалиев.