• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2020

Қай қалада азық-түлік қымбат?

386 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар және Атырау облыстарында азық-түліктің ең қымбат бағасы тіркелді. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жыл басынан бері бағаның ең жоғары өсімі Нұр-Сұлтан қаласында (15,6%), Павлодар (15,4%) және Атырау облыстарында (12,9%) тіркелді. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 19 түрі бар тізімінің сегізі бойынша бағаның 10%-тен 30%-ке дейін едәуір өсуі байқалады. Қант пен қарақұмық жармасы сияқты импортқа тәуелді тауарлардың бағасы қарқынды өсті. Оған жыл ішінде валюта бағамының және әлемдік бағаның өсуі себеп болды. Қант пен қарақұмық негізінен Ресейден импортталады, сәйкесінше тауарлар 33,6% және 34,6%-ке қымбаттады», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ экспортқа бағдарланған кейбір тауарлардың да бағасы өсті.

«Күнбағыс майы әлемдік бағаның 53,8%-ке, картоп экспорттың 46,1%-ке өсуіне байланысты қымбаттады. Тауық санының азаюы мен өндірістің 6,3%-ке төмендеуі салдарынан жұмыртқаның бағасы өсті. Аталған бес тауардың қымбаттауы азық-түлік инфляциясының жалпы мөлшерінде маңызды рөл атқарды. Оларды есепке алмағанда бағаның жалпы өсімі ағымдағы 9,6%-тің орнына шамамен 2%-ті құрар еді», деді министр.