• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Желтоқсан, 2020

Қазақстанда 14 желтоқсаннан бастап аймақтар карантинге жабылады - фейк

524 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпаратпен бөлісуде. Хабарлама ҚР Премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде ұсынылған. Бұл – бұрмалау.

ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды:«Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.