• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Қаңтар, 2021

Telegram қолданушылар саны соңғы 72 сағатта 25 млн адамға өсті

342 рет
көрсетілді

Telegram-ға тіркелгендердің 38%-ы Азиядан, 27%-ы Еуропадан, 21%-ы Латын Америкасынан және 8%-ы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан. Бұл туралы Telegram негізін қалаушы, ресейлік кәсіпкер, миллиардер Павел Дуров айтты, - деп жазады Egemen.kz

Ол қаңтардың бірінші аптасында "Telegram-ды белсенді пайдаланушылар саны айына 500 миллион адамға жетті", дейді.

«Қаңтарда WhatsApp мессенджері өзінің екі миллиардтан астам қолданушыларына сервисті пайдалануды жалғастыру үшін өз деректерімен Facebook-те бөлісуге келісім беруі тиіс екенін хабарлаған. Содан кейін Telegram мен қорғалған мессенджер Signal-ды жүктеу саны күрт өсіп кетті», деп атап өтеді CNBC.

Бұған дейін британдық Telegraph газеті жазғандай, АҚШ-та Telegram жүктелуі жағынан екінші орынға шықты. Содан кейін бұл мессенджерге Дональд Трамптың жақтаушылары жаппай кірген. Өйткені жексенбіде Трамптың Twitter мен Facebook-тегі аккаунты бұғатталған еді.

Күні кеше Telegram-да Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған тіркеліп, өз каналын ашып қойды.