Ресей АҚШ-тан кейін Ашық аспан келісімінен шыға бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ресей СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шарттың жаңа жағдайларда жұмыс істеуі үшін кедергілерді жою бойынша прогресстің болмауына байланысты Ресей Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының Доннан шығуының ішкі процедуралары басталғанын жариялайды. Жұмыс толық аяқталғаннан кейін депозитарийлерге хабарлама жіберіледі», - делінген Ресей СІМ-нің жұма күнгі хабарламасында.
Ресейлік тараптың пікірінше, «2020 жылдың 22 қарашасында Америка Құрама Штаттары ойдан шығарылған сылтаумен Ашық аспан келісімінен шықты». Ал ресейліктердің аргументі жоғарыдағыдай болып отыр.
Айта кетейік, Ашық аспан келісімшарты 1992 жылы 24 наурызда Хельсинкиде жасалған. Ол келісімге қол қойған елдердің әуе кеңістігінде қарусыз барлау ұшақтарының ақысыз ұшуларына мүмкіндік береді. Келісім әлі күнге дейін Ресей бастаған 34 мемлекет үшін өз күшінде.