Маңғыстауда дәрігерлер инсульт алған екі айлық баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Белгілі болғандай, 9 қаңтарда «мида қан айналымының бұзылуы» (жаңа туған нәрестелердің инсульті) диагнозы бар нәрестені Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізді.
Екі айлық нәрестеде церебральды ісіну, дислокация синдромы және I-II дәрежелі кома тіркелді.
10 қаңтарда сәбидің денсаулығы бірқалыпты. Оған шұғыл түрде екі сағатқа созылған бас сүйегінің трепанациясы операциясы жасалды.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта науқас травматология бөліміне ауыстырылған, жағдайы – орташа ауыр.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ