Әлемнің ең ірі вакцина өндірушісі – Үндістан сарысу институтының ғимаратында өрт шығып бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC NEWS агенттігіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 21 қаңтар түстен кейін Пуна қаласындағы сарысу институтының салынып жатқан ғимараттарының бірінде өрт басталған. Нәтижесінде 5 адам қаза тапты.
Компания аталмыш ғимарат құрылыс жағдайында екенін және вакцина өндірісіне зиян келмегенін айтты. Өрттің себебі әлі анықталған жоқ.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ