Қазіргі уақытта әлемнің 130-ға жуық елінде тұратын 2,5 миллиард адам коронавирусқа қарсы вакциналарға қолжеткізе алмай отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус пен ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Генриетта Фордың бірлескен мәлімдемесінде айтылды.
Осы уақытқа дейін енгізілген 128 миллион доза вакцинаның төрттен үш бөлігінен астамы әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60%-ын құрайтын 10 елде ғана әзірленген.
Осыған байланысты ДДСҰ мен ЮНИСЕФ қауіп тобына жататын тұрғындарға вакцина егіп үлгерген үкіметтерді COVAX механизмі арқылы препаратпен бөлісуге шақырды.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ