• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2021

Елімізде көліктердің дәлме-дәл көшірмесін жасайтын алаяқтар көбейді

1565 рет
көрсетілді

Елордалық полицейлер Алматы облысының тұрғынана тиесілі көліктің сыңарын тапты. Бүгінде VIN-кодтары бірдей екі автомобилді анықтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметіне бойынша көліктердің VIN-кодтары бойынша алаяқтық деректері елде соңғы кездері жиілеген. Мәселен былтырдың өзінде аталған заңбұзушылық бойынша 5 дерек тіркеліпті.

Соның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында табылған Ауди А6 автокөліктің сыңары бойынша іс әлі де тергеп-тексеріліп жатыр. Бүгінде көлікке сот-трасологиялық сараптама тағайындалған. Нәтижесі әзірге белгісіз. Құзырлы орган өкілдері алаяқтықтың бұл түрі заңмен жазаланатынын ескертеді.

Ал мамандар, көліктің VIN-кодтары бойынша қылмыстық істердің артуын елдегі көлік бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр. Бүгінде темір тұлпарлардың құны күрт өсуіне не себеп болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бірі доллар бағамының көтерілуіне байланысты десе, енді бірі ішкі нарықтың төмендігінен дейді.

Дегенмен қандай жағдай болмасын, темір тұлпар құны артты деп заңбұзушылықтар жасауға болмайты белгілі. Сондықтан құзырлы орган қызметкерлері тұрғындарды мұндай айлакерліктен аулақ болуға шақырады.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ