• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тарих 18 Ақпан, 2021

Қостанайда қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия құрылды

218 рет
көрсетілді

Қостанай облысында қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия құрылды. Облыстық комиссия құрамына 23 адам іріктеліп алынды. Комиссия саяси қуғын-сүргін құрбандарын, оның ішінде әскери қызметшілер мен тұтқындарды құқықтық және саяси ақтау жұмыстарын жүзеге асыратын болады.Облыстық комиссияның бірінші кеңейтілген отырысында осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өңірде жүргізілетін жұмыстардың нақты мақсаты мен міндеттерін айқындау мәселелері талданып, қарастырылды.

Аймақта саяси архивтердегі қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар туралы құжаттарды анықтау, зерттеулер жүргізу, қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ұрпақтары мен туыстарынан сұхбат алу, олар туралы құжат, фотоматериалдар мен өзге де мәліметтерді жинау жұмыстары ұйымдастырылмақ. Осыған байланысты әкімшілік-ұйымдастырушылық, зерттеу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтитын 3 жұмыс тобы құрылды.

Комиссия мүшелерінің пікірінше, бастапқы кезеңде, жаппай жерлеу орындары мен ақталмаған азаматтардың есімдерін анықтау үшін аудандарға тұрақты түрде жұмыс істейтін экспедицияларды жіберу қажет.