• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Кино 11 Наурыз, 2021

«Сары мысық» – «Ника» сыйлығынан үміткер

546 рет
көрсетілді

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы Ресейдің ең беделді киножүлдесі – «Ника» сыйлығының «ТМД, Грузия және Балтық елдерінің үздік фильмі» номинациясына ұсынылып отыр. Картинаны Short Brothers (Қазақстан), «Қазақфильм» және Arizona Productions (Франция) компанияларының қатысуымен Zerde FILMS (Қазақстан) компаниясымен түсірген.

Фильмнің бас продюсерлері Әсел Сәдуақасова, Қанат Битеміров және Ербол Тойбаев. Бұл Ержановтың осы жүлдеге төртінші рет қатысуы. Бұған дейін әр жылдары «Үкілі Кәмшат», «Қа­­ратас ауылындағы оба» және «Әлем­­­­нің ерке енжарлығы» фильмдері ұсы­­­нылған болатын.

«Сары мысық» – Ержановтың то­ғы­зыншы толықметрлі көркем филь­мі. Картинаның әлемдік премье­ра­сы былтыр 77-ші Венеция кино­фес­­­тивалінің «Көкжиектер» кон­курс­­­тық бағдарламасында өтті. Ке­йінірек туын­ды бірқатар фестивальге қа­тысып, бірнеше марапатқа ие болды. Соның ішінде Қытайдағы Silk Road IFF фестивалінің «Арнайы сый­лығы», Батуми кинофестивалінде «Үз­дік режиссер» сыйлығы, сондай-ақ «Мәскеу премьерасы» фестивалінде киносыншылардың арнайы жүлдесіне ие болған.

«Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Біздің команданың бірлескен күш-жігерінің, еңбегінің бағаланғанына өте қуаныштымын. «Сары мысық» командасын фильмнің кезекті жетістігімен құттықтаймын!», деді режиссер Әділ­хан Ержанов.

Фильмде қазақстандық «Бонни мен Клайдтың» оқиғасы баяндалады. Қылмысқа белшесінен батқан жас жігіт Кермек пен түзу жолдан бет бұрған қыз Еваның махаббаты суреттеліп, оқиға екеуінің арасындағы қиындықтар мен әлемге қарсылықтары тұрғысынан өрбиді. Кермектің рөлін ресейлік актер Азамат Нигманов ойнаған, оны көрермен Алексей Мизгиревтің «Конвой» және Андрей Шальопаның «28 панфилов­шы» фильмдерінен біледі. Еваның рөлін жас қазақстандық актриса Камила Нұғманова ойнап шықты, ол бұрын Нариман Төребаевтың «Грязь болшого города» және Әлішер Сү­лей­меновтің «Облако на крыше» фильм­дерінде ойнаған. Екі актер үшін де «Сары мысық» Әділхан Ер­жанов­пен ынтымақтастықтың ал­ғаш­­қы тәжірибесі. Криминалдық ав­то­ритет Жамбастың рөлін Ержа­нов­пен бірге жұмыс істеген, оның «Ат­бай­дың шай­қасы» және «Ұл­болсын» фильм­дерінде ойнаған актер Санжар Мәди сомдап шықты. Сондай-ақ фильм­ге Ержановпен бірге бірнеше рет жұмыс істеген актерлер – Еркен Гу­ба­шев пен Ержан Жаманқұлов қатысты.

Сценарий авторлары – Әділхан Ержанов пен Инна Смаилова. Продю­серлер, дәстүрлі түрде ре­жис­­сердің бұрыннан келе жатқан се­­ріктестері — Серік Әбішев пен Ольга Хлашева. Ко-продюсер Гийом де Сиель. Фильмнің операторы – Ер­жановпен «Үкілі Кәмшат» және «Атбайдың шайқасы» фильмдерінде жұмыс істеген Еркінбек Птыралиев. Қоюшы-суретші – Ермек Өтегенов. Ал фильм музыкасын композиторлар Алим Заиров пен Иван Синцов жазған.