• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Наурыз, 2021

Германия жанармайдан бас тартпақ

174 рет
көрсетілді

Гер­мания үкі­­­ме­ті 2035 жыл­­ға қарай жа­нар­­­май­мен жүре­тін кө­лік­тер­ден бас тартпақ. ГФР Көлік министрі аталған көлік түріне тыйым салынып, син­те­ти­калық отынға көшу қажеттігін мә­лім­деді.

Көлік министрі Андреас Шойер бұл жоспар алдағы 15 жылда орындалуы керектігін баса айтты. «Алдағы 15 жылда аталған межеге жету үшін заманауи технологияларға ашық болуымыз керек. Бұл шаралар экологиямызды қорғап, климаттың өзгеруінің алдын алу үшін маңызды», дейді құрылым басшысы.

Бұл ойды басқа да саясаткерлер қол­­дады. Христиан-әлеуметтік ода­ғы­ның көшбасшысы Маркус Зедер бұған қатысты ойын былтыр күзде біл­ді­ріп қойған еді. Экологияға қатысты ша­ра­лар­ға елдегі оппозиция да оң көз­қараста.

Жалпы, дизельге қатысты жанжал Германияда осыдан алты жыл бұрын туған. Одан кейін дизельмен жүре­тін көліктерге сұраныс айтарлықтай тө­мендеген. 2015 жылдан бері қарай ди­зель­ді көліктер 40,4 пайызға аз тір­келген.

Дегенмен, бұл үрдіс елдегі көлік саудасына теріс әсерін тигізді. Ескі көліктер сау­дасы азайып, иелері тым арзанға сатуға мәжбүр болды.

Мұндай шараларды қолға алып жат­қан елдер қатары аз емес. Ұлы­бри­тания да көмірқышқыл газының шығуын азайту үшін 225 млн фунт қаржы қарастырып отыр. Бұл қаржы дизельмен жүретін кө­ліктер тигізген зардапты жоюға ба­ғыт­талмақ.

Ал Франция болса аталған жаңалықты 2040 жылдары енгізбек. Үкімет дизельмен жүретін көліктерден бас тартып, азаматтарға тек жаңа көліктер немесе көп ұсталмаған көліктер сатып алуға рұқсат беретінін мәлімдеді.

Норвегия – бұл тұрғыда алда. Атап айтқанда, алдағы төрт жылда түгелдей электр­ма­ши­наларға көшуді жоспарлап отыр. Бұл ретте норвегтер көлік салығынан босатылуы мүмкін. Сонымен бірге автожолдарға төлейтін қосымша ақы да алынып тасталады.