• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Наурыз, 2021

Заңсыз марал атқандар ұсталды

342 рет
көрсетілді

Жазаға тартылып жатқанымен, заңсыз аң ату тиылмай-ақ тұр.  27 наурыз күні Глубокое ауданының аумағында заңсыз марал аулағандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандары табиғатты қорғау мақсатында жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде табиғат қорғау полиция бөлімі инспекторларымен және «Черная Уба» аңшылық шаруашылығы директорымен бірлесіп, резервтік қордағы «Коровиха» аңшылық шаруашылығы аумағынан екі маралдың қалдықтары, екі терісі мен бас- сирақтары табылды.

Рейдтік шара кезінде Риддер қаласының екі тұрғынынан 35 кг мөлшерінде ет, тіркелмеген 16 калибрлі «ТОЗ» маркалы қос ауызды, тегіс ұңғылы, шүріппелі мылтық және 16 калибрлі 2 оқталған патрон тәркіленді.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 337 бабының 1 бөлімі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.