• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Сәуір, 2021

Бішкектегі бәсекелер басталды

200 рет
көрсетілді

Қырғыстанның астанасы – Бішкекте дзюдодан Азия мен Мұхит жағалауы елдерінің біріншілігі басталды. Бұл жарысқа 30 мемлекеттен келген 215 балуан бақ сынауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ерлер арасындағы 60 кило салмақтағы сайыста Елдос Сметов иорданиялық Біләл Алмансаурдың аяғын көктен келтірді. Келесі кезеңде ол қырғызстандық Қуанышбек Айбекұлымен күш сынасады. Ал Ғұсман Қырғызбаев ойда-жоқта аустралиялық Джошуа Кэтцтен ұтылып қалды.

66 кило салмақтағы Елдос Жұмаханов филиппиндік Шуген Наканоның осал тұсын оңай тапты. Қандасымыздың келесі қарсыласы – Аустралияның тағы бір өкілі Натан Кэтц.

Әйелдер арасындағы аса жеңіл салмақта Әбиба Әбужақынова алғашқы екі кезеңнен сүрінбей өтті. Ол қырғызстандық Жанар Жолдашева мен үндістандық Деви Лакмабамнен айласын асырды. Енді Әбида өзбекстандық Гүлнұр Мұратбаевамен шеберлік байқасады. Ал Отгонцэцэг Галдабрах жарыс жолына шықпады.

52 кило салмақтағы қос аруымыз да тұсаукесер кездесулерінде жеңілістің кермек дәмін татты. Ғалия Тынбаева өзбекстандық Сита Қадамбоеваға, Нұрсұлу Ералиева кореялық Парк Да Солға жол берді.

57 кило салмақтағы Севара Нишанбаева санаулы минуттардан кейін Қырғызстанның дзюдошысы Абина Қошқонбаевамен күш сынасады.