• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Сәуір, 2021

Медициналық-санитарлық көмектің маңызы зор

241 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен «ДДҰ Еуропа аймағында COVID-19 пандемиясымен күресу барысында алынған тәжірибе» алғашқы медициналық-санитарлық көмектің әлеуетін түсіну» атты онлайн-кеңес өтті.

Іс-шара барысында мүше мемле­кет­тер мен ДДҰ қызметкерлері арасын­да «МСАК әлеуетін іске асыру: COVID-19 пандемиясы кезінде алынған сабақтар және олардың ДДҰ Еуропа аймағын­дағы болашақ жұмыс бағыттары үшін ма­ңызы» жұмыс құжатын қарау бойын­ша сындарлы пікір алмасу болды. Өз сөзінде барлық қатысушы жалпы және төтенше жағдайлар кезеңінде аза­мат­тар­дың денсаулығын қамтамасыз ету үшін МСАК-тың маңызды рөлін қозғады.

«Бастапқы буындағы медициналық ұйымдар эпидемиялық қадағалау, тестілеу, байланыстарды қадағалау, жеңіл және симптомсыз пациенттерді жүр­гізу және оларды оңалту іс-шара­ларын ғана орындап қоймай, төтенше жағдайлар кезінде халықтың негізгі денсаулық сақтау қызметтеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді», деді Ажар Ғиният.

Іс-шара елдер арасындағы диалог алаңына айналды, онда әрбір адам COVID-19 пандемиясымен күресте ұлт­тық деңгейде алғашқы медициналық-сани­тарлық көмектің атқарған рөлі туралы, сондай-ақ денсаулық сақтау са­ла­сындағы алдағы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға одан әрі да­йындалуға мүмкіндік беретін алынған сабақтар жөнінде өз пікірін білдірді.

Сонымен қатар төрағалық етуші тарап атап өткендей, Қазақстан Астана декларациясын және МСАК Операциялық тетігін іске асыруды жалғастыруды, денсаулық сақтау қызметтерімен, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде жаппай қамтуға бағдарланған МСАК әлеуетін дамытуды ұсынады.

ДДҰ өкілдері, соның ішінде Алматы қала­сындағы ДДҰ-ның алғашқы меди­циналық-санитарлық көмек жөнін­дегі гео­графиялық жағынан қашық орна­ласқан офисінің басшысы Мелитта Якаб ханым және оның командасы МСАК-ты дамытудың одан арғы бағыттары туралы өз пікірлерін білдірді. Олар мультидисциплинарлық командалардың рөлін, ауылдық өңірлердегі БМСК ұйымы­ның ерекшеліктерін, кадр ре­сурс­тарының әлеуетін арттыру жолдарын, халықтың осал топтарын қол­дау­дың маңыздылығын, сондай-ақ елар­алық үздік тәжірибелермен алмасу мүмкіндігін атап өтті.

Кездесу соңында А.Ғиният МСАК әле­уе­тін іске асыру туралы жұмыс құ­жа­ты, сондай-ақ оның негізінде жа­сал­­ған қарар ДДҰ Еуропа өңірі ел­деріне МСАК-ты ұлттық және өңір­лік деңгейлерде күшейтуді жалғас­ты­руға көмектесетініне сенім білдірді. Қазақ­стан атынан Денсаулық сақтау вице-ми­нистрі кездесудің барлық қатысушысын осы тақырыпта диалогті жалғастыруға және сәуір айының соңында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау министрлері кеңесіне, сондай-ақ биыл маусым айының басында Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ассам­блея­сының 74-ші сессиясы шеңберінде сайд ивентке қатысуға шақырды.