• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 15 Сәуір, 2021

Жақаевтың тақиясы

414 рет
көрсетілді

Елордадағы Ұлттық му­зей­дің қорында даңқты кү­рішші, екі мәрте Социа­листік Еңбек Ері, КСРО Мем­лекеттік сыйлығының лауреаты Ыбы­рай Жақаев­тың өзі киген қазақы тақиясы сақталған.

Атамыздың тақиясын мұражайға, 2015 жылы Қы­зылорда қаласында өткен Ұлттық музейге сый тарту іс-шарасы аясында баласы Сейітбек тапсырған. Со­нымен бірге ол кісі әке­сі­нің қолының табы қалған кет­пенінің басы мен орағын да өткізіпті.

Бүгінде ерен еңбегімен елге үлгі болған тұлғаның өмір­дегі өнегелі жолын аға буын өкілдері жақсы біл­генімен кейінгі жастар онша білмейді. Оған енді түрлі себеп те бар. Сонда да даңқы күріш өсірумен жалпақ жұртқа жайылған Ыбырай атамыздың жөні бөлек. Ол кісі 1944 жылы күріштің әр гектарынан 110 центнер, 1945 жылы 156 центнер күріш алса, ал 1947 жылы өзі­не бекітіліп берілген тә­жі­рибе учаскесінің әр гек­тарынан 172 центнерден өнім алып, әлемдік рекорд жасады. 1949 жылы осы еңбегі жоғары бағаланып, Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Сондай-ақ еңбек майталманы соғыс кезінде Отан қорғау қорына арнап танк колоннасын жасауға 150 мың сом қаржы берді.

Ыбырай Жақаев рес­публикада алғаш болып кү­ріш егісін жоңышқа атызына орналастырған. Оның ашқан жаңалығы өндіріске енгізіліп, ол әдіс «Жақаев агротехникасы» деп аталды. 1971 жылы ата­мыз кеудесіне екінші Ал­тын Жұл­дызын тақты. Мұндай жо­ғары дәрежелі атақты қа­тарынан екі рет алғандар елімізде сирек. Сол мара­патты тапсырар кез­де қария: «Бір рет алдым ғой, екінші рет не керегі бар еді, онан да анау күріш егіп жүргендерге бермедіңдер ме?!» деп басшыларға айтыпты деген сөз бар. Жалпы ол кісі өмірде өте қарапайым, иманды адам болған дейді. Егер де Ұлттық музейге жо­лыңыз түсіп жатса, Ыбырай атамыздың тақиясын көруге болады...

 

Азамат ЕСЕНЖОЛ,

«Egemen Qazaqstan»