28 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 1 016 809 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның толық бірінші компонентін салдырғандар саны 1 016 809-ға жетті. Ал екінші компонентін 205 188 адам алған.
Екпенің толық 2 компонентін салдырғандар бойынша алдыңғы үштікте Алматы қаласы (44 250 адам), Түркістан облысы (19 354 адам), Нұр-Сұлтан қаласы (18 168 адам) тұр.