Қазақстан Сауд Арабиясының қажылыққа мүдделі құзырлы мекемелеріне келетін жамағат үшін талаптарды бәсендету жайында өтініш білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық бөлімінің басшысы Жәнділла Бекжігітов мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл 60 мың адам ғана қажылық парызын орындай алады.
«Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылы қажылыққа арнайы пандемиялық жағдайдағы талаптарын жария етті. Онда Сауд Арабия денсаулық сақтау министрлігі бекіткен аталмыш 4 вакцинаға рұқсат етілген: Файзер, Астра-Зэнека, Джонсон-Джонсон, Модерна. Әлбетте бұл вакциналар біздің Қазақстанда жоқ», деді басқарма өкілі.