• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Шілде, 2021

Жас маманға жұмыс жоқ...

2141 рет
көрсетілді

Ата-аналарының айтқанынан шыға алмай, мамандық таңдау­да қателесетін жастар аз емес. Шымкент қалалық жастар ресурс­тық орталығының «Жас­тарға қызмет көрсету» бөлімі жұмыс­сыздық мәселесіне терең талдау мен зерт­теу жүргізіп отырады.

Мәселен, жуырда жүргізілген са­уалдама нәтижесінде қазіргі таңда жас­тардың 75,9%-ы жұмыс­сыз екені анық­талған. Жүзге жуық респондент­тердің 31,3%-ы жұ­мыс­пен қамту орталығына, 27,7%-ы интернет ресурстарына жұ­мыс­қа тұру мақсатында өтініш қал­дырған. Сауалдамаға қатысқан жас­тардың үштен бір бөлігі жо­ғары оқу орны мен кәсіп­тік оқу орнында алған мамандықтары бо­­йынша жұмысқа орналасудың қиын екенін айтқан.

Яғни жастардың 42,2%-ы бі­лім алған мамандығы бойынша жұмыс істемейді, 25,3%-ы таң­да­ған мамандығы бойын­ша жұ­мыс табу қиын деп санайды. Ал 71,1%-ы жұмысқа орналасуда кез­десе­тін ең басты қиындық ретінде жұмыс тәжірибесінің жоқтығын алға тартқан.

Орталық жүргізген зерттеу нә­ти­­­же­сінде жас­тардың өз ма­ман­дығы бо­­йын­­­ша жұ­мыс­қа орналаса алмайтыны анық­­тал­ған. Оның себептерінің бірі ретін­де мек­теп тү­лек­терінің өз ата-анасы таңд­ап бер­ген ма­ман­дыққа түсетіні және уни­вер­си­тет пен кол­ледждердің басым көп­шілі­гінде «жұ­мыс­қа орналастыру кеңсесі» жұ­мыс іс­те­мей­тіні айтылуда. Бұл орайда орта­лық қыз­­меткерлері замандастарының жұ­­­­мыс­­­пен қамтылып, еліміздің дамуына үлес қосуына септігін тигізу мақса­тын­­да «Дип­­лом­мен – ауылға!», «Жастар кадр­лық ре­­зер­ві», «Жастар тəжірибесі», «Жұ­­­­мыс­пен қам­ту – 2020» сынды бағ­­дар­ла­ма­лар­­ды ке­ңінен наси­хаттап, әлеуметтік желі­лер­ге ақ­парат жариялап отыруды жүйеге қо­­йыпты. Қалалық жастар ре­сурс­­тық ор­та­лығ­ының директоры Ер­лан Айтбаев жұ­мыс­сыздық – ең өзекті мәселе екенін айтып отыр.

«Орталықтың негізгі мін­де­­­тінің бірі – жастардың ара­сын­дағы жұмыссыздықты азайту. Қа­зіргі таңда орталықта оқу біті­руші түлектерге арналған «Бо­ла­шаққа қадам» жобасы қол­ға алынды. Ол жоба бойынша біз­дің қызметкерлер жастардың дұ­рыс мамандық таңдау жасауына сеп­тігін тигізеді. Өндіріс орындарына апарып, жұмыс процесімен таныстырады. Бір сөзбен айтқанда, бағыт-бағдар береді. Ал таңдау – әр түлектің өз еркінде», дейді Ерлан Айтбаев.

Сондай-ақ жүргізілген сауалнама арқылы 500 респонденттің 1%-ы ғана музейге, театрға, көр­меге баратыны анықталған. Бұл өте төмен көрсеткішті өз­герту бағытында орталық қыз­меткер­ле­рі жастар арасында кі­тап оқу­ды кеңінен насихаттап, олардың кітапханаларға, театр­ларға, музейлерге баруы­на, жаңадан жарық көрген кітап­тардың кеңінен таралуына ықпал етуде.

Мегаполис жастары арасын­да ІТ технология саласына қы­зығушылар көп екен. Бұл орайда орталық жанынан «Роботтехни­ка және конструкциялау» курсы ашылған. Сондай-ақ мемлекеттік жастар бағдарламаларын насихаттау бағытында «Жастарға қызмет» бөлімі жұмыс істейді.

«Кәсіпкерлік, қайтарымсыз субсидиялар, тұрғын үй, «Нұрлы жер» бағдарламасының ішін­де қаншама бағыттар бар. Көп жас­тар оның бірін білсе, бірін білмейді. Сосын пробацияда жүр­ген, сотталған жастар жұмысқа кіре алмайды. Сол жастармен де жұмыс жүргізуді қолға алдық.

Тағы бір айта кетерлігі, қала жастары мен жасөспірімдердің 46,9%-ы ақылы үйірмелерге қа­­тысатыны мәлім болды. Қа­ла­­­мызда тіл үйрететін үйір­ме­­лер­дің көпшілігі ақылы. Олар жас­тар үшін қымбат, сту­дент­тер­дің, оқушылардың қал­тасы көтер­мей­ді. Осы орайда оқу­шылар және студенттердің сабақ­тан тыс уақыт­тарын тиімді пайдалану мақ­сатында арнайы тіл үйрететін ақы­сыз үйірмелер ашу­­­ды қолға алу­дамыз», дейді қа­­­ла­лық жастар ре­сурстық орта­лы­ғының директоры.

Жастардың тұрғын үймен қам­­тылуы да күн тәртібінен түс­пеген мәселе. Бүгінде тұрғын үй кезегінде тіркелген жас адам­дар саны – 9023. Тұңғыш Пре­зи­дент – Елбасы Нұрсұлтан На­зар­­баевтың еліміздің ірі қала­ла­рындағы жұмыс істейтін жас­тар­ды пәтермен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы бо­йын­ша бүгінге дейін мыңнан аса пә­тер берілген. Жастарға берілген бас­паналардың сапасы да басты назарда. Мысалы, биыл Шымкент­те жастарға сатып алу құқығын­сыз бір бөлмелі – 195, екі бөлмелі 105 пәтер табысталған. Алайда бас­панаға қол жеткіз­гендердің қуа­нышы көпке со­зылмаған. Жас­тар «Тұран» ша­­ғын ауданында орна­ласқан тұр­ғын үйдің құрылыс са­пасы сын көтермейтінін айтып ша­ғым­данған. Жаңадан берілген үйлерді аралап шыққан депу­тат­тардан құралған жастар қо­ғам­дық кеңесінің мүшелері мұн­дай олқылықтар бір емес, бір­неше үйде бар екенін анық­­т­а­ған. Бұл орайда Шымкент қа­­­ласы құрылыс басқармасы бас­­шы­сының орынбасары Бағлан Үсен­ұлы тұрғын үйде орын ал­­ған кемшіліктерді мердігер ме­ке­ме 5 жылдық кепілдік мер­зім ішінде қалыпқа келтіріп бе­ретінін айтады. Жыл басынан бері қалада жұмыс істейтін жас­тарға сатып алу құқығынсыз 300 пәтер берілген болса, оның 145-і осы «Тұран» шағын ауда­нында орналасқан. Жалпы, биыл Шымкентте «Жастар» бағ­дар­ламасы аясында 900 жасқа сатып алу құқығынсыз пәтер беру жос­парланған.

Әлеуметтік жағдай, тұр­мыс­тық қиындықтар жас отау құр­ған­дар­дың ынтымақты отбасы бо­­лып қалыптасуына әсер ететіні анық.

«Жастардың арасында «Үй­лену оңай, үй болу қиын» деген сөздің байыбына бара бермей­тіндері де аз емес сияқты. Үй бо­­­­лудың қандай болатынын са­на­­­сына сіңіру мақсатында біз қа­­ла­дағы «Шаңырақ» отбасы инс­титутын қолдау орталығымен бірге көптеген іс-шара жоспарын түзгенбіз. Бірнеше кездесу өткізіп, отбасын құрған соң туындауы мүмкін кедергілер, ық­ти­мал қиындықтар жайлы, от­ба­сылық құндылықтар туралы тү­сіндірдік. Кәмелетке толма­ған жасөспірімдер арасындағы ер­те жүктіліктің де салдарымен кү­ресіп келеміз. Өкінішке қарай, ер­те жүктілікпен 92 жас тіркелген. Жас­тар арасындағы мұндай өзек­ті мәселені шешудің жан-жақ­ты жол­дары қарастырылуда. Қазір кә­сіби психологтермен келі­сім­шарт жасасып, жұмысты бас­тап кеттік. Мектеп жасындағы өт­­пелі кезеңде жүрген жастармен мектеп психологтері жұмыс іс­теуде. Жалпы, психологиялық кө­мек беретін жоба «Бақытты ме­кен» деп аталады», дейді қа­ла­­лық жастар ресурстық орта­лы­ғы­ның қызметкерлері. Дерек­тер­ге жүгінсек, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Шымкентте 650 жас отбасы құрған. Яғ­ни ша­ңы­рақ көтерген жас азамат­тардың үлесі былтырғы осы ке­зең­мен са­лыстырғанда 188-ге арт­қан. Ал ажы­расқандар саны – 16 (2020 жы­лы – 20).

Жас ұрпақтың уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, Шымкент қаласында адам капиталын дамыту мақсатында кітапханалар­ды жаңғырту бағдарламасы іс­ке асырылуда. Күні кеше жаң­ғыр­ған үш кітапхана есігін айқа­ра ашты. Мұнда аға буын өкіл­дерінің әңгімелесіп отырып шах­мат ойнауына, ата-аналар бала­ла­рына ертіп әкеліп кі­тап оқуына, жастардың түр­лі кештер өткізуіне барлық жағ­дай жасалған. Отбасылық кі­тапха­на форматында жаңғырып жат­қан кітапханалар осылайша қо­ғам­дық орталықтарға айналуда. Әр кітапхана таңнан кешке де­йін барлық топтағы азамат­тарды қы­зықтыратын жеке бағдарлама жасап, жыл соңына дейін келушілер санын 4 есе өсірмек.

 

ШЫМКЕНТ