• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2021

Шу тұрғыны жарты тоннадан астам есірткі заттарын сақтаған

357 рет
көрсетілді

Тәркіленген есірткі затының салмағы шамамен жеті миллион дозаны құрады, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қарасора-2021» Республикалық жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының балық аулау алды аймағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 47 жастағы жергілікті тұрғынды қамауға алды.

Тінту барысында одан жалпы салмағы 598 келі 780 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттың салмағы шамамен жеті миллион дозаны құрайды. Қара нарықта есірткінің мұндай мөлшерінің құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды.

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі «Есірткіні өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған, деді Жамбыл облысы ПД УПН бастығы Асқар Жұмабеков.