• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ел және Елбасы 13 Қыркүйек, 2021

Мемлекет басшысы Linde Group компаниясының вице-президентін қабылдады

244 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Linde Group неміс компаниясының вице-президентімен газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент компанияның Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

2020 жылы Linde Group Теміртау қаласында ТМД-дағы оттегі, азот және аргон өндіру бойынша ірі жобаның екінші кезеңін іске асырды.

Мемлекет басшысына компанияның Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жоспары туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Германиямен инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, Linde Group компаниясын еліміздегі газ-химия жобаларын жүзеге асыруда жан-жақты серіктестікке шақырды.