«Эйр Астана» 2021 жылдың 1 қазанынан бастап ішкі бағыттар бойынша эконом-класстың шекті тарифтерін 10%-ға төмендетеді, деп жазады Egemen.kz әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл ретте әуе компаниясы бағаны тұрақты ұстау үшін негізгі серіктестердің қолдауын күтеді, соның ішінде Алматы халықаралық әуежайы.
«1 қазаннан бастап Қазақстанда маршруттар бойынша эконом-кластағы шекті тарифтер 10%-ға төмендейді, ал жылдық перспективада кемінде 70% билеттер макроэкономикалық көрсеткіштер мен тарифтерді ескере отырып, төмен және орташа тарифтер бойынша қолжетімді болады», делінген хабарламада.