• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Хоккей 30 Қыркүйек, 2021

«Барыс» «Металлургке» есе жіберді

284 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» алдағы үш кездесуін түзде, яғни Ресейдің Магнитогорск, Мәскеу және Ярославль қалаларында өткізеді, деп жазады Egemen.kz.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Магнитогорскідегі ойынды тамашаладық. Бұл бәсекені біздің жігіттер өте жақсы бастады. Алғашқы екі голды 5 және 23-минуттарда Кертис Волк пен Мэтт Фрэттин соқты. 24-минутта «Барыстың» бір ойыншысы кем болған кезде Никита Коростелев есеп айырмашылығын қысқартты. 27-минутта Коди Куник мергендік танытты. Бірақ бұл есепті ұстап тұра алмадық. Үзіліске дейін «Металлургтің» шабуылшысы Андрей Чибисов нысанадан дәл көздесе, үшінші кезеңде айдын иелері тағы екі шайбаны қақпаға енгізді. Бұл голдардың авторлары – Артем Земченок пен Брендан Лейпсик. Сөйтіп, жерлестеріміз 3:4 есебімен айдын иелеріне есе жіберді.  

Қазіргі кезде «Барыстың» қоржынында 10 ұпай бар. ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігінде олар 18-орында келеді. Енді жерлестеріміз келесі кездесуін 3-қазан күні Мәскеудің «Динамосына» қарсы өткізеді.