• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Өнер 30 Қыркүйек, 2021

ЭКСПО көрмесінде

301 рет
көрсетілді

Astana Ballet Дубайдағы ЭКСПО-2020 бүкіләлемдік көрме­сінде екі қойылым көрсетеді. Ду­бай опера сахнасында 27-28 қазан күндері «Махаббат туралы аңыз», ал 29-30 қазанда «Бейбарыс сұл­тан» балеті ұсынылады.

«Біз үшін қазіргі шектеулерге қара­мастан, IX театр маусымын өз уақы­тында ашу өте маңызды болды. Көрер­мендермен қауышуды асыға күттік. Әртістер сахнаны, ал көрермен спек­такльдерді сағынды. Қазір біздің үлкен жоспарларымыз бар. Барша көрерменді Astana Ballet театрына шақырамын», деді театр директоры А.Совостьянов баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, тоғызыншы театр маусымы 9-10 қыркүйек күндері «Бейбарыс сұлтан» балетімен ашылған еді. Ал 17-18 қыркүйек күндері «Махаббат туралы аңыз» балеті көрсетілді.

«Махаббат туралы аңыз» бен «Бей­барыс сұлтан» – театр репертуарындағы сәтті шыққан қойылымдар, оларды карантин уақытынан кейін ал­ғаш рет гастрольге – Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне апарамыз. Astana Ballet театры­ның ұжы­мы Дубай­дың үлкен, жаңа, алдыңғы қа­тар­лы театрла­ры­ның бірінде осы екі та­маша туындыны ұсынады», деді Алек­сандр Алек­сан­дрович.

Сондай-ақ Astana Ballet театры осы маусымда «Леонид Ильич Брежневке қарсы Жарқанат адам. Кеңестік триллер» спектаклін қояды.

«IX театр маусымына келсек, жыл соңына дейін үш үлкен премьера жос­парланған. Қазан айында біздің сахнада Кіші Броннаядағы театрдың гастрольдері өтеді. «Леонид Ильич Бреж­невке қар­сы Жарқанат адам. Кеңестік триллер» спектаклі қойылады. Біздің ойы­мыз­ша, өте қызық қойылым болады. Бұл Мәде­ниет және спорт министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастыратын театр апталығында өтеді. Театр апта­лығының өтетін кү­ні жа­қын арада хабарланады», деді А.Совостьянов.

Гастрольдер аяқталған соң Джордж Баланчиннің фортепиано мен оркестрге арналған «Капричио» балетінің қо­йылымы үшін Баланчин қорынан педагог-репетитор келеді. Одан бөлек, өнер ұжымы бас балетмейстер Мукарам Авахридің «Тағдыр бұлтарыстары» жаңа балетін қоюды жоспарлап отыр.

«Қараша айында Чехиядан педагог келіп, әртістерімізге мастер-класс өт­кізеді. Желтоқсан айында Ксения Зве­реваның «Өнер синтезі» заманауи бале­тінің жаңа қойылымы күтілуде, онда тек балет қана емес, музыка, драма, сән де біріктіріледі. Сәуір айының басында тағы бір спектакльдің премьералық көрсетілімі жоспарланған. Әрине, көрермен арасында үлкен жетістікке жеткен «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» сияқты қазіргі репертуарды да ұсынамыз. Сондай-ақ жаңа жылдық дәстүрлі «Щелкунчик» шоулары және тағы басқалары болады», деді театрдың көркемдік жетекшісі Нұрлан Қанетов.