• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Хоккей 27 Қазан, 2021

«Барыс» турнир кестесінде төмен сырғыды

122 рет
көрсетілді

Қазақстандық «Барыс» командасы құрлықтық хоккей лигасындағы плей-офф аймағынан шығып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл «Нефтехимик» сырт алаңда қытайлық «Куньлунь Ред Стар» командасын 4:2 есебімен жеңгеннен кейін мәлім болды. Осы жеңістің арқасында Нижнекамск клубы 19 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде жетінші орынға көтеріліп, «Барысты»  тоғызыншы орынға ығыстырды.

Қазақстандық клуб турнир кестесінде төмен сырғып қана қоймай, ойыншыларынан да айырылып жатыр. Жарақат алғандар тізіміне канадалық шабуылшы Коди Куник қосылды. Ол енді алдағы бірнеше ойында «Барысқа» көмектесе алмайды.