Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін үш боксшымыз бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Белград төрінде керілген шаршы алаңда 57 килограмм салмақтағы Серік Теміржанов пен Абылайхан Жүсіпов екінші жекпе-жектерін өткізсе, +92 килограмм салмақтағы Нұрлан Сапарбай бірінші кездесуіне шығады.
Нұрлан Сапарбай күндізгі сессияда испандық Аюб Гадфа Дриссимен қолғап түйістірсе, Серік Теміржанов Реито Цуцуми (Жапония), Абылайхан Жүсіпов Кристиан Паласио (Венесуэла) жұдырықтасады.