• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тарих 02 Қараша, 2021

«Әлихан Бөкейханов. Дәуір адамы» кітабының тұсаукесері өтті

594 рет
көрсетілді

Алматыда «Әлихан Бөкейханов. Дәуір адамы» («Алихан Букейханов. Человек-эпоха») кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кітап авторы – ресейлік азамат, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сібір басқару және бұқаралық коммуникациялар академиясының тең құрылтайшысы және ректоры Виктор Иванович Козодой. Ғалымның айтуынша, Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов жайлы еңбегін мұрағаттан алынған ақпараттарға сүйене отырып жазған.

Сондай-ақ, кітап авторы Алашорда үкіметінің жетекшісі туралы бірі білсе, бірі біле бермейтін деректер қосқанын айтты. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткен салтанатты шараға ғалымдар, саясаттанушылар, тарихшылар, өлкетанушылар, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында ҚР Ұлттық ғылым Академиясының Вице-президенті, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Мақсат Қалимолдаев кітап авторына Құрмет грамотасын табыстап, үстіне шапан жапты.