• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 04 Қараша, 2021

Елордада әл-Фарабиге ескерткіш орнатылады

222 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында Әбу-Насыр әл-Фарабидің құрметіне ескерткіш қойылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемнің екінші ұстазы атанған тұлғаның құметіне қойылатын ескерткішке қатысты мәселе елорданың қалалық мәслихат жанындағы қоғамдық кеңес отырысында талқыланды.

«2019 жылы Президент әкімшілігінен елордада әл-Фараби, Құрманғазы, Ж. Тәшенов және тағы басқа тұлғаларға ескерткіш қою тапсырмасы берілді. Өткен жылы пандемияға байланысты әл-Фарабиге ескерткіш орнату кейінге шегерілді. Қазір ескерткіш дайындалып жатыр. Ал Ж. Тәшенов пен Т. Бигелдиновке ескерткіш қоюға биыл қаржы бөлінді», деді Нұр-Сұлтан қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.