Балық ауламақ болған азамат бақилық болған. Балқаш көліне ер адам батып кетті. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының 64 жастағы тұрғыны балық аулауға шығып, қайтып оралмаған. Бүгін құтқарушылар оның денесін тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
5 қараша күні Қарағанды облысы ТЖД құтқарушылары Балқаш көлінен Ақтоғай ауданындағы Қысанов қыстағына жақын маңда суға батып кеткен балықшының денесін тапқан.
«Балықшының туыстары ер адамның ұзақ уақыт болмауынан кейін онымен байланыса алмай, полицияға және құтқарушыларға жүгінді. Полиция қызметкерлері балықшының резеңке қайығын тапты. Кейін құтқарушылар жағадан 5 метр қашықтықта мұз астына батып кеткен адамның денесін тапты», делінген Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасында.