• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 29 Қараша, 2021

Жас ғалымдар бас қосты

497 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент күніне орай жас ғалымдардың «Қазақстан. Еуразиялық интеграция идеясы. Ғылыми-қолданбалы аспект» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Іс-шараға Еуразиялық интеграция саласындағы зерттеулермен айналысатын Қазақстан, Ресей, Қырғыз Республикасы және Беларусь елдерінің жас ғалымдары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сөз сөйлеушілер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция идеясын қалыптастырудағы және ілгерілетудегі ерекше рөлін атап өтіп, әлеуметтік-экономикалық қана емес, ғылыми-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету үшін Еуразиялық кеңістіктің ғылыми қоғамдастығы арасында ұзақ мерзімді өзара іс-қимыл стратегиясын құру қажеттілігі туралы мәлімдеді.

Пікірталас қорытындысы бойынша жас зерттеушілер еуразиялық кеңістікте экономикалық, мәдени және ғылыми өзара іс-қимыл үшін жаңа диалог алаңдарын құру қажеттігі туралы пікір білдірді.

Конференцияға 30-дан астам жас ғалымдар қатысты. Іс-шараны ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитеті, «Жастар» ҒЗО және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ұйымдастырды.