• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Желтоқсан, 2021

Көп сауалдың жауабы қамтылған

173 рет
көрсетілді

Елбасының ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын ең әуелі жастар оқуы керек деп ойлаймын. Өйткені қазір ел ішінде Қазақстанның Кеңес Одағының құрамынан ең соңғы республика болып шыққанын сан саққа жүгіртетіндер көп. Бұл мақалада сол сауалға нақты жауап берілген. Жалпы, Тәуелсіздіктің бізге қандай жолмен келгенін нақты білгісі келетіндер үшін мақалада көп дүние қамтылған.

М.Горбачев қаншалықты жанталаса қимылдап, Одақты сақтап қалуға әрекет еткенімен, КСРО-ның ыдырауын тоқтату мүмкін емес еді. Алдымен Эстония, Литва және Латвия тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылдың тамыз-желтоқсан айларында қалған республикалар түгелдей өз тәуелсіздігін жария етті. Елбасы айтқан­дай, саясаттың қызуы көтеріліп, Горбачев пен Ельциннің текетіресі шегіне жетіп, бір кездері темірдей тәртіпке негізделген орта­лықтағы басшылықтан береке кеткен сол тұста Қазақстан тарапынан жібе­ріл­ген жалғыз қателіктің өзі орны толмас тра­ге­дияға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін еді.

Нұрсұлтан Әбішұлы ашуды ақыл­ға, асығыстықты сабырға жеңдіріп, әліптің артын бағып, аңысын аңдудың нәтижесінде, Қазақстанды ешқандай қателікке ұрындырмай тәуелсіз мемлекет етті. Елбасына бұл жолда батыл қимылдау үшін бүкілхалықтық ман­дат керек еді. Осылайша, 1991 жылдың 1 жел­тоқсанында ел тарихындағы тұң­ғыш Президенттік сайлау өткізіліп, онда халықтың 98 пайыздан астамы Нұрсұлтан Әбішұлына қолдау білдірді. Алғашқы сайлауға бәріміздің бір адамдай жұмыла қатысқанымыз әлі есімде. Біз алдағы болашақты сол жолы Елбасының қолына сеніп тапсырдық және оның дұрыс қадам болғанын нақты сезіндік.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алдымен – экономика, содан кейін – саясат» ұстанымын ұстануы Қазақстанның қа­рыштап дамуына жол ашты. Егемен­діктің елең-алаң шағында Қазақ­стан­ды экономикалық жаңғыруға, инфра­құры­лымды жаңарту және шикізат­қа тәуелділіктен арылтуға бастауы да сон­дықтан. Бұл ретте талай кәсіпорын­ның тынысын ашқан индустриялан­дыру ре­формасын атап өтпеске болмайды. Қазақстан өзінің өнеркәсіптік базасын дамытуға иек артып, индустриялық-ин­но­вациялық дамудың үш бағдарламасы қабылданды. Соның нәтижесінде 9 триллион теңгеге 1 500 жоба жүзеге асырыл­ды. Қазақстан бұрын өндірілмеген өнімдер – электровоз, автобус, автомобиль, темір жол вагондары, трансфор­маторлар және басқа да 500-ден астам өнім түрін шығара бастады. Осы бағдар­ла­ма­ның нәтижесінде, өзім тұрып жатқан Екібастұз қаласы да дамудың даңғыл жолына түсті, Қазақстандағы темір ­жол кластері қалыптасқан шаһарға айналды.

Бас басылым арқылы халқымен ой бөліскен Елбасымыз аман, еліміз тыныш болсын! Тәуелсіздіктің тойы құтты болсын!

 

Рышат ӘМІРЕНОВ,

Қазақстанның Еңбек Ері