AIBA басшысы Умар Кремлев өзі қызметіне кіріскелі бері әуесқой бокс әлемінде бірқатар реформалар жасап жатқаны белгілі. Соның бірі – боксшылардың әлем чемпионатында 13 салмақ дәрежесінде жұдырықтасуы. Кремлев он үш салмақ дәрежесін де азсынып, он төртінші салмақты ойлап тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бокс державаларынан бөлек өзге де мемлекеттердің мүмкіндігі мол болуы үшін біз әлем чемпионатында боксшылардың 13 салмақта бақ сынауына мүмкіндік бердік. Біз мұндай қадамға қатысушы елдер мен боксшылардың, жүлдегерлердің саны көп болсын деген ниетпен бет бұрдық. Соның әсерінен шығар, тұңғыш рет әлем чемпионатының финалында 15-тен аса мемлекеттің боксшысы жұдырықтасты. Енді біз келесі жылға дейін тағы бір салмақ дәрежесін қосқалы отырмыз. Ол – 100 килоға дейінгі салмақ дәрежесі», дейді Умар Кремлев.