• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қазақстан 14 Желтоқсан, 2021

Алға жетелеген сенім

187 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын оқығанда сол жылдардың барлық оқиғалары көз алдыма келді. Ол кезде Жамбыл ауданының орталығы орналасқан «Благовещенский» кеңшарының директоры болатынмын. Тәуелсіздік жария­ланғанын сол күні естіп, қатты қуандық. Бір-бірімізді құттықтап, көзімізге жас та келген еді.

Келесі жылы Алматыда тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған салтанатты жиын болды. Біздің облыстан барған де­ле­­гацияның арасынан жалғыз мені төралқаға отырғызды. Бәрі­міздің баққанымыз, сөздерін қалт жібермей тыңдағанымыз Нұрсұлтан Әбішұлы болды. Ол басқа мәселелермен қатар кешікпей жекешелендіру бас­талып, барлық кәсіпорындар жекеменшікке берілетінін де айтты. Ол жылдарда біз «ша­руашы­лық есеп» әдісіне көшіп, кәсіпорнымыз әжептәуір табыс тауып тұрған. Енді Президент бәрін де жекешелендіруді талап етті. Барлық мал-мүлік, құрал-саймандар ұжым мүшелеріне тиісті пайға сәйкес бөліп берілуі керек екен. Ал жеке шаруалар оны келісіммен қосып, кооператив немесе басқа формадағы шаруашылық құрады деген талап айтылды. Шыны керек, ол кезде біз оны толық қабылдамадық, бірақ нарықтық экономиканың талабы осы екеніне артынан көзімізді жеткіздік.

Елбасы өзінің мақаласында «дүниеде экономикалық даму мен демократияның алуан формасы болса да, оның дәл сол күйін­де көшіріп ала қоя­тын ортақ үлгі­сі жоқ. Біз әлем­дік тәжі­рибені қоры­тып, өз ерек­шеліктеріміз бен мүмкін­дік­тері­мізді ескеріп, «Қазақстан-2030» стратегиясын түздік» деп жазыпты. Шын мәнінде тура көшіріп алатын үлгі жоқ еді, сондықтан жаңа жол жасау­ға тура келді. Осы жолда Тұң­ғыш Президентіміз қиыннан қиыс­тырып өзіндік жол тауып, елі­міз­ді экономикалық тығы­рық­­тан аман алып шықты.

 

Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ,

облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

Солтүстік Қазақстан облысы