Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев кезекті жекпе-жегіне дайындығын аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мінекей, кезекті жаттығу жұмыстары өзінің мәресіне жетті. Ертең жекпе-жек өтетін Сан-Антонио қаласына ұшамыз», деп жазды боксшы инстаграмдағы парақшасында.
Руслан Мадиев 18 желтоқсан күні (Қазақстан уақытымен 19 желтоқсан күні таңертең) АҚШ-тың Техас штатына қарасты Сан-Антонио қаласында өтетін бокс кешінде мексикалық Луис Эрнандес Рамоспен (лақап аты – Матадор) қолғап түйістіреді. Рейтингілік жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.