• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Елорда 16 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтан қаласында бильярдтан ардагерлер арасында халықаралық турнир өтіп жатыр

369 рет
көрсетілді

Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бильярдтан ардагерлер арасында халықаралық «Тәуелсіздік Кубогі» атты турнирі бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Турнирге 23 командадан құралған 200-ге жуық бильярдшы қатысып жатыр.

Жарыста Ресей Федерациясы Омск қаласы және Қазақстан өңірлерінен келген 10 команда бақтарын сынамақ. Атап айтсақ, Алматы, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалалары.

«Біз өте үлкен турнир өткізіп отырмыз. Бірінші турнирде бір команда, 14 адам болса, қазір 180 адам қатысып жатыр. Оның ішінде «сен тұр, мен айтайын» деген мықтылар келді. 23 команда қатысыды. 15 команда 50-63 жас шамасындағылар. Оларды біз «Арғымақтар» дейміз. 63 жастан жоғарғылар, яғни «Тарландар» 2 командаға топтасқан. Ойын 3 күнге созылады. Керемет тартысты жарыс болайын деп тұр. Барлығы аудан, қала атынан келген. Негізгі мақсат – бұқаралық спортты, бильярдты дамыту. Біздің бастауымызбен бильярд халықтың ең бір сүйікті ойынына айналып отыр», деді ұйымдастырушы, «Ұлы Дала Қырандары» халықаралық қозғалысының және «Әлем қырандары» бильярдшылар қоғамдастырығының басшысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел.

Сөз соңында Сәдібек Түгел қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Егемендігіміздің 30 жылдығы құтты болсын! Бүгінгі мерекемен барша халықты шын жүректен құттықтаймын! Әр отбасыға табыс, жеңіс тілеймін! Береке-бірлігіміз арта берсін!» деді Сәдібек Түгел.

Айта кетсек, ең қарт ойыншы 78 жаста, ал ең жас қатысушы 50 жасқа толған.