• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Желтоқсан, 2021

Мал дәрігерлерінің жалақысы 68%-ға өседі

731 рет
көрсетілді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ОКҚ брифингінде отандық ветеринария жүйесі қалай реформаланатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекет басшысының агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыту бойынша алға қойған міндеттері аясында ағымдағы кезеңнің бірқатар негізгі және өзекті мәселелерін шешу бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті.

Министр ветеринария жүйесін реформалау қолға алынғанын айтты. 

«Бүгінгі таңда біз осы жүйенің қазіргі жағдайын мұқият талдадық, проблемалық мәселелер мен олардың пайда болу себептерін анықтадық. Осы негізде оларды шешудің тәсілдері әзірленді. Атап айтқанда, енді ветеринария жүйесіндегі барлық бақылау-қадағалау функциялары бір ведомствода, атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінде шоғырландырылатын болады», деп хабарлады Ербол Қарашөкеев.

АШМ басшысы жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтері тек атқарушылық функцияларды орындайтынын айтты.

«Екіншіден, келесі жылдан бастап практикалық мал дәрігерлерінің жалақысы орта есеппен 68%-ға өседі», деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.