• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 31 Желтоқсан, 2021

Түркия Turkovac вакцинасын егуді бастады

354 рет
көрсетілді

Түркияда коронавирустық инфекцияға қарсы отандық Turkovac препаратымен вакцинациялау процесі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцинация науқаны бейсенбі күні Түркияның ең ірі қалалық ауруханаларында басталды. Turkovac препараты Кайсери провинциясындағы Эрджийес университетімен және елдің денсаулық сақтау министрлігінің медициналық институттарымен (TUSEB) бірлесіп жасалды.

Бір күн бұрын Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа коронавирустың таралуына қарсы ғылыми кеңестің онлайн-отырысы аяқталғаннан кейін Анкара қалалық ауруханасында үшінші күшейту дозасы ретінде Turkovac вакцинасын салдырды.