• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2022

Мектеп оқушысын көлік қағып кетті

345 рет
көрсетілді

Ақтөбе қаласында бірінші сыныптың оқушысын көлік қақты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Лада-21901» автокөлігінің 30 жасар жүргізушісі «Бауырластар-2» тұрғын үй алабымен өтіп бара жатып, жылдамдықты төмендету немесе кедергіні қауіпсіз айналып өту шараларын қабылдамаған. Салдарынан өтіп бара жатқан бірінші сынып оқушысын қағып кеткен», делінген хабарламада. Оқушы қазіргі кезде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.