• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Ақпан, 2022

Алматы облысы құрылыс материалдарын тасымалдайтын негізгі аймақ бола алады

187 рет
көрсетілді

Алматы облысында 70-тен астам құрылыс материалдарының өндірілуіне байланысты, бұл аймақ еліміз үшін материал тасымалдауға қолайлы деп танылды. Сонымен қатар, бұл жерде полиэтилен пленкаларын, табақтарды, плиталар мен жолақтарды өндіру мүмкіндігі зор, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың брифингінде белгілі болды.

Өндіріс екі есеге ұлғайған кезде импорттың 70% - ын жабу мүмкіндігі бар. Ол үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуатын 60% - ға дейін арттыру жоспарлануда, бұл қосымша 270 жұмыс орнын ашады. Жалпы қуаты 5,5 мың тонна полиэтилен пленкаларын шығаратын және 275 тұрақты жұмыс орнын ашатын бес жаңа зауыт салынады. Нәтижесінде 550 тұрақты жұмыс орны құрылып, жылына 22 мың тонна өнім өндіріледі.

Аяна Тоғанбек,

ЕҰУ студенті