• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Пікір 02 Наурыз, 2022

Мақсат – әл-ауқатымызды жақсарту

322 рет
көрсетілді

Партияның кезектен тыс съезі қысқа да нұсқа әрі іскерлік стильде өтті деп санаймын. Мен партияның атауын өзгертуді құптаймын, себебі аманат сөзі әрбір қазақ үшін қасиетті.

Партия Президенттің саясатын жүзеге асыруда жақсы көмекші болатынына сенімдімін. Ең басты мәселе – геосаяси тұрақсыздық пен санкциялық текетірес жағдайында партияның әлеуетін мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен оның азаматтарының әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағыттау.

Съезден бұрын бұған дейін жібе­ріл­ген кемшіліктерді жоюға және жұмыс­тың жаңа стилін жасауға бағыт­талған байыпты аналитикалық жұмыс жүргізілгені сезіледі. Партия Төрағасының сөйлеген сөзінде бұл мәселелер нақты айтылды. Партия барлық реформаның катализаторына айналуға тиіс. Бұл іс бойынша ерекше міндеттер партияның Мәжілістегі және мәслихаттардағы фракцияларына жүктеледі.

Депутаттар атқарушы билікпен тығыз қарым-қатынаста болуға, парламенттік тыңдауларды, көшпелі отырыстарды, аза­маттармен кездесулерді кеңінен өткі­зуі қажет. Сонымен қатар партияның әр­бір мүшесін тыңдау маңызды. Осыған бай­ла­нысты идеялар мен ұсыныстар жиналады.

Осы қадамдардың барлығы шамадан тыс орталықтандырудан, бюрократиядан, көзбояушылықтан арылуға мүмкіндік береді деп санаймын. Біз алғаш рет пар­тияның атқарушы хатшысы Асхат Ора­ловтың сөзін тыңдадық. Меніңше, ол пар­­тия аппаратының күнделікті үйле­сім­ді және белсенді жұмысын қамта­масыз ете алады.

Сонымен қоса, ертең депутаттық кор­пусқа қосылатын Саясат Нұрбек есте қаларлықтай сөздер айтты. Оның азаматтармен өзара қарым-қатынаста болу үшін цифрландыруды белсенді пайдалану туралы үндеуі маған ұнады. Пандемия бізге онлайн түрде қарым-қатынас жасауды үйретті. Сол себепті халыққа жедел сауалнама жүргізу, азаматтық қоғаммен, жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынас жасау үшін оны кеңінен пайдалану керек.

 

Айгүл ҚҰСПАН,

Мәжіліс депутаты