Елімізде коронавирус дертіне шалдыққан азаматтардың сауығуы күн өткен сайын артып келеді. Мұның бәрі атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі екені даусыз, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы тәулікте Қазақстан бойынша 864 тұрғын коронавирус дертінен толыққанды сауықты. Аймақтар бойынша алып қарасақ, Солтүстік Қазақстан облысында 199, Батыс Қазақстан облысында 196, Ақтөбе облысында 185, Жамбыл облысында 136 тұрғын дертіне дауа тапқан. Өзге өңірлерде де жағдай жақсара түскен. Жалпы еліміз бойынша аталмыш дерттен 1284696 адам жазылып шыққан.