• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Сәуір, 2022

Орал әуежайының жаңа терминалы

189 рет
көрсетілді

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ҚПО) компаниясы Орал қаласындағы халықаралық әуежайдың жаңа терминалы 2022 жылғы 7 сәуірде пайдалануға берілгенін хабарлады. Ал биылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының Үкі­меті Орал халықаралық әуежайына Батыс Қазақстан облы­сы­ның тумасы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Нысанның ашылу салтанатына Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиев бас­таған облыс басшы­ла­ры, ҚПО және мердігер ұйым­дар­дың басшылығы, Орал қаласы жұрт­шылығының өкілдері қа­тыс­­ты.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтау сөзінде «халық­ара­лық әуежайдың жаңа терми­на­лының ашылуы – облыс тұр­ғын­дары үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін айтулы оқиға», деп атап өтті.

«Терминал – өте күрделі нысан. Бұл жобаны жергілікті құры­лыс компаниялары жүзе­ге асырғанын ерекше мақтан тұтамын. Жаңа әуежай өңірі­міз­ді одан әрі дамытып, көркейтуге, туризмнің дамуына қуатты сер­пін береді, әуе жолаушылары ағынын арттырады, жаңа ха­лық­аралық бағыттарға жол аша­ды деп сенемін», деді Ғали Есқалиев.

ҚПО бас директоры­ ­Джанкарло Рую осы маңызды жо­­­ба­ның сәтті аяқталуы ком­па­ния мен аймақтық билік ара­сын­да қалыптасқан жеміс­ті ын­ты­мақтастық пен әріптес­тік­тің нәтижесінде мүмкін болғанын атап өтті.

«ҚПО өңірдегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Бұл ретте ҚПО-ның өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жұм­саған инвестициясының жалпы сомасы бүгінде 455 млн доллардан асты. Қазақ­стан­ның уәкілетті органдары­мен ынты­мақтастықты одан әрі ны­ғай­та береміз. Респуб­ли­ка­ның тұрақты даму міндет­те­рін ескере отырып, облыс тұр­­ғындарының мүддесі үшін Қа­ра­шығанақты игеруден барын­ша қайтарымды қамтамасыз ету­ге деген ортақ мақсатымызға негіз­делген», деді Джанкарло Рую.

Жаңа терминал халықаралық стан­­дарттарға сай әрі заманауи тех­­нологияларды пайдалана оты­­­­рып салынған. Оның жолау­шы­­­лар ағынын өткізу қабілеті саға­­тына 200 жолаушыға есеп­тел­­­ген, ал әуе тасымалының жыл­­­­­дық көлемі 600 мың жо­лау­шы­­­ға дейін жетеді.