• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 12 Сәуір, 2022

Ғалымдар еңбек биржасында кезекте тұр

238 рет
көрсетілді

12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күні. Бірақ ғылымды алға сүйрейтін ғалымдар жұмыссыз ретінде еңбек биржасында тіркеуде тұр. Бұл жайында «Шопан Ата» агроқозғалысының төрағасы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шопан Ата» агроқозғалысының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, қазақ ғалымдары жетімнің күйін кешіп отыр.

- Еліміздегі ауыл шаруашылығына қатысы бар 14 ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары еңбек биржасында кезекте тұр. Ғылым магистранттары, кандидаттар, Phd докторларға еңбек биржасында көше сыпыру сияқты қоғамдық жұмыстар ұсынылады. Бұл не деген масқара? Ұят жағдай! Осы мерекеде қазақтың агроғалымдарынан кешірім сұраймын. Бұған Үкіметте, Парламентте отырғандар, құжаттары бойынша «ғалымдар» кінәлі. Енді ешқашан қазақтың ғалымдары еңбек биржасында тіркеуде тұрмасын. Қазақтың агроғалымдары еңбек биржасында тұрса, біз қалай ауыл шаруашылығы туралы әңгіме айтамыз? – дейді Алмасбек Садырбаев.