«Pfizer» вакцинасымен егілген жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер саны бойынша деректер жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19-ды таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram – арнасына сілтеме жасап.
«Pfizer» вакцинасының I-ші компонентімен - 991 511 адам, II-ші компонентпен - 858 912 адам вакцинацияланды.
Оның ішінде: I дозамен-797 087 жасөспірімдер, 36 669 жүкті әйелдер,131 360 бала емізетін әйелдер.
II дозамен 714 750 жасөспірімдер, 31 247 жүкті әйелдер, 111 561 бала емізетін әйелдер егілген.
Аяна Тоғанбек