• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 15 Сәуір, 2022

Қиындықты жеңу тәжірибесі маңызды мәнге ие

305 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз халқына жолдаған Жолдауы Беларусь мемлекетінде үлкен қызығушылық тудырды. Соңғы жылдардағы оқиғалар екі мемлекетке де бірқатар қауіп-қатер төндіргені даусыз. Сондықтан бұл қиындықтарды жеңу тәжірибесі маңызды мәнге ие екені еш талас тудырмайды.

2020 жылы Беларусь елінде мәселе туындаса, Қазақстан 2022 жылдың басында «Қасіретті қаң­тар» оқиғасын бастан өткер­ді. Сонымен қатар екі елде де эконо­микалық және саяси сипаттағы бірқатар объективті ішкі себеп толқулардың негізіне айналды. Сол себеп-салдарларды жою, саяси және әлеумет­тік-экономикалық жүйенің қалып­тас­қан тәжірибесін өзгер­ту қоғам мен мемлекетті тұрақ­тандырудың қажетті шартына айналғаны мәлім. Беларусь Республикасында саяси жүйені реформалау мәселелері соңғы бірнеше жыл ішінде іске асты. Ал дағ­дарыс 2020 жылы шарық­тау шегі­не жетті. Көптеген диа­лог алаң­дарында жоспарланған ре­фор­маларға қатысты қоғамдық талқы­лаулардың жандануы осы жылдың ақпан айында елде референдум өткізуге және Конституция­ның жаңартылған нұсқасын қабылдау­ға мүмкіндік берді. Онда Беларусь мем­лекетінің саяси және әлеу­мет­тік жүйесін жаңғырту туралы ұсы­­ныстар көрініс тапты. Нәти­же­сінде, Беларусь елінде күшті пре­зи­денттік билігі бар аралас жү­йе­ден («суперпрезиденттік» рес­пуб­лика) Мемлекет басшысы­ның да, Парламенттің де, сон­дай-ақ заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің, өзге де органдарының сая­си және әлеуметтік-экономикалық процестерге теңестірілген ықпалы бар аралас жүйеге көшу басталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан ұсыныстар да Қазақ­станның саяси жүйесін күшті пре­зиденттік биліктен түрлі демо­кра­тиялық өкілдік жүйесіне көшу арнасында қайта құруға бағыттал­ған. Партиялық жүйені жоспарлы жаңғырту және демократияландыру, тіркеу шегі мен партиялардың өңірлік өкілдігін төмендету, Президент пен жергілікті биліктің атқарушы тармағының басшыларына өз өкіл­дігі кезінде партиялық ұйымның мүшесі болуға тыйым салу, сайлау жүйесін таза пропорционалды жүйеден, аралас пропорцио­налды-мажоритарлы жүйеге өзгерту – осы өзгерістердің бар­­лы­ғы әлеуметтік топтардың мүд­­­делерін білдіру мүмкіндігін кү­шей­­­туге тиіс. Айтпақшы, Бела­русь Рес­публикасында да мажори­тар­лық­тан аралас сайлау жүйе­сіне көшу мүмкіндігі белсен­ді тал­қылан­ды, бұл біздің саяси жүйе­лері­міз­ді өз­гертудің таңдалған жолының дұ­рыстығының көрсеткіші екені рас.

Қазақстан үшін сөзсіз артық­шылық әрине, Президент билігінің беделі мен заңдылығына қауіп төндіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ұмтылу болып тұр. Бұл бағытта Мемлекет басшысының жақын туыстарына мемлекеттік билік органдарында және мемлекеттік кәсіпорындардың басшылығында ресми лауазымдарды атқаруға заңмен тыйым салу туралы ұсынысын құптауға болады. Конституциялық сот құру туралы шешім де маңызды жаңалық. Беларусь елінде мұндай институт ұзақ уақыт жұмыс істеді, бірақ жүргізіліп жатқан реформалар барысында оның рөлі күшейтіліп, азаматтар өздерінің конституциялық құқықтарын қорғау үшін осы органға тікелей жүгінуге құқылы болды. Көріп отырғанымыздай, құқық қорғау институттарының рөлін күшейту және азаматтардың құқықтары мен бостандығына кепіл­дік беру тұрғысынан ұқсас көзқарас Қазақстанда да бар.

Мемлекеттің әкімшілік-аумақ­тық құрылымын өзгерту сала­сын­дағы шешімдер, мәслихат­тар­дың жергілікті өкілді органдар ретіндегі рөлін күшейту азаматтарға деген қамқорлықтың көрсеткішіне айналмақ.

Осылайша, Қазақстан мен Бела­русь елдері алдында тең дәре­жеде тұрған XXI ғасырдың сын-қа­тер­лері екі елде де дағдарыс құ­бы­лыс­тарына реакция ретінде бас­тал­ған саяси және әлеуметтік-эконо­ми­калық жаңғырту барысында өте ұқсас шешімдерді өмірге әкелді. Бұл дағдарысты еңсеруде таңдалған жолдың дұрыстығын растайды.

 

Алексей БЕЛЯЕВ,

Беларусь мемлекеттік экономикалық университеті магистрлік дайындық институтының директоры,

саясаттанушы