• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Кино 15 Сәуір, 2022

Фантастикалық фильм түсіріледі

639 рет
көрсетілді

Қазақ киноөнерінде бұған дейін фантастика жанры болған-болмағанын біле бермейміз. Болса да некен-саяқ, жоққа тән. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Алматыдағы Tiger Films киностудиясы батыл қадамға бармақшы. Аталған ұжым фантастика түсіретінін ресми түрде мәлімдеді.

«Мой парень – инопланетянин» фантастикалық филь­мінің түсірілімі алдағы ап­тада басталады. Қиял-ға­жайып жанрындағы туынды жер бетіндегі және өзге ғалам­шар арасындағы байланыс, қиял-ғажайып, махаббат пен шытырман оқиғаға толы өр­бімек. Түсірілім алдында шығар­машылық топ дәстүр бойынша жаңа жобаға сәттілік тілеп, жолашар ырымын жасады.

Түсірілімі енді басталатын фильмнің режиссері Ален Ния­з­бековтің айтуынша, «фан­­тас­тика – қазақ киносын­да то­лық қалыптаспаған жаңа жанр. Біз комедиядан әрі қарай жаңа жанр­ға бет бұрдық. Осылайша, «Мой парень – инопланетянин» фильмі жаңашылдыққа толы болады деп ойлаймын. Фильмде екі ғаламшардың байланысы көрсетіліп, махаббатпен ұш­тасады. Қиял-ғажайып жан­рындағы фильмнің басты рөл­дерін актер Бауыржан Сатов пен Жұлдыз Өмірғали сомдайды. Жер шары мен Тигарден жұлдызы арасындағы байланыс қос кейіпкердің махаббатымен жалғасады. Бұдан басқа да негізгі рөлдерде Дәурен Сер­ғазин, Жахан Отарғалиев және Қайрат Әділгерей ойнайды.

Дәурен Серғазин,

театр және кино актері:

– Менің кейіпкерім – сол  ба­­- ла­лық шағындағы арман-қия- ­­лының жетегіндегі адам. Өзінің арманына ға­шық, өзінің арманына сене­тін адамның бірі. Өзге ғалам­шар­лықтарға имандай се­неді, қатты іздейді. Солармен күресіп, соларды аң­дып, осындай ізденісте жүрген кейіпкер.

Рано Умарова,

фильм продюсері:

– Бұл қазақстандықтар­дың сүйікті фильмдерінің бірі ­болады деп ойлаймын. Өйтке­ні махаббат пен фантастиканы жұптастырамыз. Актерлер құ­рамы шебер әрі танымал адамдардан құралған. Түсірі­лім Ал­маты қаласы мен облысында болады, негізінен ша-­ ғын қалаларда түсіреміз.

Tiger Films киностудия­сы 2021 жылы құрылған. Бү­гінге дейін көрерменге үш ко­медиялық фильмді тарту етіпті. Туындылары елімізден өзге Қыр­ғызстан мен Әзербайжанда көрсетілген көрінеді.