• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Пікір 18 Сәуір, 2022

Үздіксіз назарды қажет ететін тұрақты процесс

191 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Адам құқықтары саласындағы одан арғы шаралары туралы» Жарлыққа толықтырулар енгізді.

Бұл түзетулердің мазмұ­ны­мен келі­семін, өйткені олардың Қазақ­стан­дағы шешімін күтіп тұрған адам құқықтарының ма­ңыз­­ды аспекті­ле­ріне қатысы бар. Гендерлік теңдік мәселе­ле­рі бо­­йын­ша көптеген жұ­мыс атқа­рыл­­ды, әйелдер құқы­­ғы мәсе­­­ле­лері бойынша іргелі мә­се­­ле­лер шешілді. Бұған «Ер­лер мен әйел­­дер­дің тең құ­қық­­та­ры­ның және тең мүм­кін­­дік­терінің мем­ле­­­кет­тік кепіл­дік­тері туралы» заң ықпал етеді.

Сонымен бірге елдегі әйел­дер­ге қатысты еңбек құқық­та­­ры, әйелдерді сая­си мемле­кет­­­­тік қызмет лауазымдарына орна­­ластырудағы тең құқық­тар мәселелері бойынша кем­шілік­терді жою үшін ұйымдас­тыру­шылық-құ­қық­тық сипат­та­ғы ке­­­ле­сі шараларды қа­былдау қа­­­жет.

Конституцияның адам және азамат құқықтарын қамти­тын бө­ліміне әйелдер мен ерлер­дің барлық салада тең құ­қық­­тары мен мүмкіндіктері тура­лы норма енгізу керек. БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кем­сітушілікті жою жөніндегі комитеті жұмыс орнында сексуалды қысым көруіне жол бер­меу туралы шығарған шеші­міне назар аудару қажет. Алай­да қазақ­стандық соттар БҰҰ ко­мите­тінің шешіміне дейін де, одан кейін де мұның бар­лы­ғы болмағандай шешім шы­ға­рып келеді. Бұл шешімді Қа­зақ­­стан Республикасының ве­дом­ствоаралық комиссиясын құ­рып, БҰҰ Адам құқықтары жөнін­дегі комитетінің қазақ­стан­дық азамат­тар­дың өтініш­те­рі негізінде шығарған басқа да 45 шешімімен қоса қарастыру керек. Жа­қында өткен Президент жа­нын­да­ғы Адам құқықтары жө­нін­дегі комис­сия­ның Сарап­та­малық кеңесінің отырысында осындай комиссия құру туралы мәселе жақын арада шешілетіні айтылды.

Елде 705 500 адамның бел­гі­лі бір дәрежеде мүгедектігі бар. Қа­­зақ­стан Мүге­дек­тер­дің құ­қық­­тары туралы халық­ара­­­­лық кон­­вен­цияға 2015 жылы 21 сәуір­де қол қойып, ра­ти­фи­ка­ция­ла­ды. Елімізде «Мүг­е­­дек­­тер­ді әлеуметтік қор­ғау туралы», «Кем­тар ба­лалар­­ды әлеу­мет­тiк және меди­­ци­налық-педа­го­ги­ка­лық тү­зеу ар­­қылы қолдау тура­лы» заң­дар қабылданып, бұл бағыт­та жұ­мыстар жүріп жатыр. Мем­лекет мүмкіндігі шектеулі адам­дар­­дың жұмысқа орналасуына көмек көрсетеді. Дегенмен атал­ған заңдарды іс жүзінде қолдануда проблемалар бар. Қа­зақ саңыраулар қоғамы, Қазақ соқырлар қоғамы өз мү­ше­ле­рі­нің көптеген мәселені шеше алатын сияқты. Мемлекет осы қоғам­дарға қосымша ұйым­дас­ты­ру­шылық, құқықтық және эконо­микалық көмек көрсете алады, мүгедектерге берілетін жәрдемақылардың мөл­ше­рін көбейте алады, мүгедек қызмет­кер­­лерге бейім­делген фабрикалар құра алады, бар­лық үй мен ғима­рат­ты арбадағы мүге­дек­терге ар­налған пандус­та­ры болатындай жобалап, сала алады.

Ал тергеу изоляторларында, бас бостандығынан айыру орындарында азаптауларға қарсы күрес жүргізе отырып, Қыл­мыстық кодекске азап­тау­лар­ға қарсы 146-бабын енгіз­ді. 2013 жылғы 2 шілде­ден бас­тап Қазақстанда «Азап­тау­ларға қарсы ұлттық алдын алу» тетігі жұмыс істейді. Қазақстан 1998 жылы 28 қазанда Азаптауларға қарсы халықаралық конвенция­ны ратификациялап, өз азамат­та­рына азаптауларға қарсы БҰҰ ко­митетіне арыз-шағым беруге мүм­­кіндік берді. Осы кон­вен­ция­ға факультативтік хат­та­ма­­­ны арнайы ратификация­ла­ды. Осылайша, Қазақстан аза­­­­маттары азаптаулар туралы ша­­ғымдармен аталған комитетке жүгіне бастады, 10 ше­шім аза­маттардың пайдасына шы­ға­рылды. Қаңтар оқиғасынан кейін полиция бөлімшелерінде болған азаптау әрекеттерін тоқ­та­туға осы құжаттар тосқауыл болды. Бұл істер бойынша ше­шім сот талқылауларынан ке­йін толығырақ белгілі болады. Сондықтан полиция ғима­рат­тарында орнатылған бар­лық бейнекамераларды арнайы про­ку­рорларға бағындыру керек. Сондай-ақ жоғары білікті по­лиграфологтердің басшы­лы­ғы­мен өтірікті анықтайтын де­тектор­ларды кеңінен қол­данған жөн.

Азаптау құрбандарына кез келген құқық қорғау органының тергеуін айналып өтіп, алқа би­­­лердің қатысуымен сотқа жү­­гі­ну құқығын беруге болады. Англо-саксон жүйесінің соттарында осындай тәжірибе бар. Егер біз өз аумағымызда «Астана» ха­лық­аралық қаржы орта­лығында қаржылық мәсе­лелер бойынша англо-саксон құқы­ғының нормаларын қа­был­дай­тын болсақ, онда азаптаулар бойынша сот талқы­лауына қатысты да осы тәжіри­бе­ні қол­да­нуға болады.

Ресми мәліметтер бойынша елі­мізде шамамен 20 мың ең­бек мигранты бар. Жыл сайын Қазақстанға, пандемия ке­з­­еңін қоспағанда, шет мем­ле­кеттердің шамамен 2 мил­лион азаматы оқуға, емделуге, жұмысқа, қыз­мет­тік ісса­пар­лар­ға, тұрақты тұ­­ра­тын жерін анықтауға, транзит­пен және өзге де себептерге бай­­ланысты келеді. Елде бір­не­ше жүз бос­қын тіркелген, олар әр­түр­лі мем­лекет­тің азамат­та­ры. Мұн­­дай адам­дардың Қазақстан аума­ғындағы құ­қық­­тары заңдар мен республика қол қойған ха­лық­­ара­лық шарттар мен келі­сім­дер негізінде қамтамасыз еті­­л­­е­ді. Қазақстанда «Халықтың кө­ші-қоны туралы», «Босқындар тура­лы» заңдар қолданыста бар. Көші-қон сала­сында Қазақстан Әзер­байжан, Бела­русь, Қыр­ғыз­стан, Тәжікстан, Өзбек­­стан­мен екіжақты халықаралық келісім­дерге қол қойды. Қазақ­стан 2011 жылы 27 маусымда Еңбекші-миг­ранттар мен олардың отбасы мүш­елерінің құ­­қық­тық мәртебесі туралы ке­­лі­сімді ра­тификациялады. Қа­­з­­ақ­стан­ға 56 мемлекет қол қой­­­ған 1990 жылы 18 желтоқ­сан­дағы Бар­­лық еңбекші-миг­рант­тар мен олардың отбасы мү­ш­е­ле­рі­нің құқықтарын қорғау туралы көп­жақты халықаралық кон­вен­­­цияға қол қойып, оны рати­фи­кациялау орынды болар еді. Бұл елдегі еңбек миг­рант­­­та­рының құқықтарын қо­сым­­ша ке­ңей­туге мүмкіндік бере­ді және Қа­­зақстанға еңбек миг­­рант­­та­ры мен басқа да шетел аз­а­маттарының мәсе­ле­лерін ұйы­м­­­­­дастыру бойынша терең ха­­­лық­­­аралық тәжірибеге ие бо­лу­ға жол ашар еді.

Адам құқықтарын қорғау – Қа­зақстан мемлекетінің үздіксіз наза­рын талап ететін тұрақты процесс. Бұл істе белсенді аза­мат­тық қоғаммен бірге үл­кен же­тіс­тіктерге қол жеткізуге бо­­ла­ды.

 

Марат СӘРСЕМБАЕВ,

заң ғылымдарының докторы, профессор