Биылғы жылдың 3 айында тіркелген Интернет алаяқтықтардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34%-ға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
«Ішкі істер министрлігі алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді. Алаяқтар өздерін тергеушілер ретінде таныстырып, полицияның бөлімшесіне онлайн-несие рәсімделгені туралы азаматтардың туыстары немесе таныстары хабарлағанын айтады. Деректерді нақтылау үшін қылмыскерлер азаматтарға шоттар туралы ақпаратты, сондай-ақ аты-жөні мен ЖСН секілді дербес ақпаратты айтуын сұрайды», деп түсіндірді Шұғыла Тұрлыбек.
Оның айтуынша, бұл әрекеттердің барлығы банк карталары мен депозиттеріне қол жеткізіп, одан әрі олардан ақша аударуға немесе несие алуға бағытталған.
Егер сізге банктің немесе полицияның қызметкерімін деген қоңырау түссе, мәліметтерді нақтылау үшін телефонды қойып, банкке хабарласу керек.
«Полиция да, банк қызметкерлері де ешқашан банктік шоттар немесе дербес деректер туралы сұрамайтынын есте сақтау қажет. Банк шоттарының қорғалуын қамтамасыз ету үшін парольді үнемі өзгертіңіз, SMS растау төлем жүйелеріндегі барлық қауіпсіздік жүйелерін өшіріңіз, IP мекенжайын бақылаңыз», деп түсіндірді департамент өкілі.
Аяна Тоғанбек