Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алған адамдардың саны өсуде, деп хабаралайды Egemen.kz Covid-19 таратпау жөніндегі ВАК Telegram каналына сілтеме жасап.
ВАК ақпараты бойынша, 2022 жылғы 19 сәуірде Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы 1-ші компонентпен 9 474 541 адам, 2-ші компонентпен - 9 221 035 адам вакцина алды.
Бұдан басқа «Pfizer» вакцинасының I компонентімен 1 022 083 адам, II компонентімен 877 275 адам вакцина алды. Оның ішінде 1 – ші дозамен 808 107 жасөспірім , 37 410 жүкті әйел , 133 766 бала емізетін әйел; 2 – ші дозамен 728 597 жасөспірім, 31 852 жүкті әйел, 114 789 бала емізетін әйел.
Аяна Тоғанбек