2022 жылғы 27 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 482 101 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 239 468 адам салдырды.
Сондай-ақ «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 1 057 103 адам, ІІ-ші дозасын 907 826 адам салдырған.
«Pfizer» вакцинасының І-ші компонентін 821 004 жасөспірім, 37 984 жүкті әйел, 135 777 бала емізетін әйел салдырған.
ІІ-ші компонентін 746 745 жасөспірім, 32 772 жүкті әйел, 119 186 бала емізетін әйел салдырды.
Аяна Тоғанбек